iQanat - Білім беру қоры

11-сыныптан кейінгі олимпиадалық сүйемелдеу

IQanat қоры ауыл оқушыларына академиялық қолдау көрсетуге бағытталған тегін бағдарламаларды іске қосты

Peer-To-Peer

Giving Back қағидатына негізделген флагмандық бағдарлама: IQHSB жоғары сынып оқушылары мен қор бағдарламаларының қатысушылары IQanat жолын енді бастаған кіші айканатовшыларға тьютор болады. Осылайша тәжірибе, білім және қолдау әрі қарай беріліп, қауымдастық ішіндегі жақсылық айналымы сақталады.

Жыл бойы сабақтар арнайы платформада онлайн өтеді, ал Олимпиада турлары кезінде тьютор-ұстаздар балалармен бетпе-бет кездесіп, оқытуды жеке қарым-қатынас форматында жалғастырады. Финалда грант алған қатысушылар жиі тек қана қамқоршылар мен ата-аналарға емес, осы жолда бірге болған ұстаздарына да алғыс айтады.

14958

оқушы

1212

тьютор

189

куратор

Бағдарламаға қатысушылар:

1
1

Оқушылар
Олимпиаданың 2-кезеңіне қатысушылар (8-сынып) және 9-сынып оқушылары

2
2

Тьюторлар
9–11 сынып оқушылары, өткен жылдардың ақтық сын қатысушылары. 8-сынып оқушыларын оқытады

3
3

Кураторлар
Тьюторларды жетектейтін Alumni

NUET

Назарбаев Университетіне түсуге дайындайтын жаңа бағыт. Сабақтарды NU студенттері болып табылатын IQanat High School of Burabay түлектері өткізеді.

Бағдарлама алғашқы нәтижелерді көрсетіп үлгерді: Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Шаян ауылынан қатысушы Айдынбай Айсұлтан Назарбаев Университетінің Foundation бағдарламасына грант алды. Оның тәлімгері IQanat High School of Burabay 2025 жылғы түлегі Малик Смагулов болды.

45

барлық уақытта

11-сынып оқушылары үшін

Кәсіби бағдарлау

Кәсіби бағдарлау — бұл ақтық сын қатысушыларына болашақта мансап саласын таңдауға көмектесетін білім беру мен тестілеуден бастап тағылымдамадан өтуге және кәсібилермен қарым-қатынасқа дейінгі әртүрлі үдерістердің жиынтығы.

Күтілетін нәтиже:

• ақтық сын қатысушыларын жеке мүддесін де, әлеуметтік қажеттіліктер мен нарық сұраныстарын да қанағаттандыратын мамандық таңдауға дайындау;
• түлектердің қиындықсыз әлеуметтенуі.

1511

Қатысушылар саны

Ұзақтығы: қыркүйек-мамыр

9-11 сынып оқушылары үшін

Жоба іске асырудың бірнеше кезеңін қамтиды:

1
1

• Оқушыларға кешенді кәсіптік бағдар беру тестілеуін өткізу.
• Психотиптің анықтамасы, жеке тұлғаның жеке ерекшеліктерін сипаттау.
• Тиісті кәсіпті таңдау.

2
2

Мамандықтар марафонына қатысу

3
3

ЖОО өкілдерімен вебинарларға қатысу

4
4

Жеке кеңес беру

Тәлімгерлік

IQanat ақтық сынына қатысушыларға білім, тәжірибе мен құндылықтарды беру мен қолдау үшін Қазақстанның табысты адамдарын біріктіретін жоба.

Мақсаты: бағыт бойынша негізгі дағдыларды дамыту, IQanat бағдарламасына қатысушылардың жеке қажеттіліктері мен мүдделерін ескере отырып, оның өміріне тікелей араласпай ынта-жігерін арттыру.

Күтілетін нәтиже:

• Қазақстанның ауылдық балаларына қолдау көрсету үшін әлеуметтік-табысты тұлғаны қалыптастыру, айқанатшылар арасынан тәлімгерлер буынын тәрбиелеу және IQanat кәсіби тәлімгерлер қауымдастығын құру.

Тәлімгерлік түрлері:

1. Аумақтық белгісі бойынша;
2. Бағыт бойынша;

Жобаның ерекшелігі:

• Тәлімгер мен тәлім алушының ерікті қатысуы;
• Өтеусіз;
• Ұзақ мерзімді;
• Ішкі мансап баспалдақтары (Аға тәлімгер - кіші тәлімгер - тәлімгер-менти);

400

Қатысушылардың саны

Ұзақтығы:
1 жылдан және одан да көп

9-11 сынып оқушылары үшін
және Alumni

Жұмыс сипаты:
онлайн, мессенджерлерде белсенді қолдау көрсету бойынша айына 1-2 рет тақырыптық кездесу

Жоба бағыттары:

Кәсіпкерлік негіздері

Эмоционалды
интеллект

Жағдайы. Ойлау. Әрекет

Шетелдік оқушылармен кездесулер

Шетелдік оқушылармен кездесулер

IELTS дайындалу

Кәсіби бағдарлау

Шахмат

Блогинг

Жұмыс кезеңдері:

1
1

Танысу, сенімді қарым-қатынас орнату

2
2

Жеке кездесулер, сұранысты нақтылау

3
3

Мақсат қою және жоспарлау

4
4

• Кіші тәлімгер орны үшін белсенді Ментиді тарту және оқыту және қолдау
* Жеке және топтық кездесулерді ұйымдастыру
* Қорытындылау. Кері байланыс

Ұлттық бірыңғай тестілеу

2023-2024 оқу жылында Қор ҰБТ-IQanat 2024 жобасын әзірлеп, іске қосты, ол Қордың Олимпиададан кейінгі қолдауындағы 11-сынып оқушыларын жүйелі және кешенді даярлауға бағытталған.

Күтілетін нәтиже:

• Мұғалім-тәлімгермен тиімді дайындық ҰБТ-да жоғары ұпайларға әкеледі;
• Пәннің теориялық және тәжірибелік бөлігіне терең дайындық оқушыларға әртүрлі тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді;
• ҰБТ-ға дайындық болашақта пайдалы болатын тиімді оқыту стратегияларын қажет етеді;
• ҰБТ-ға дайындалуға жауапты көзқарас оқушылардың тұлғалық дамуына ынталандыруды арттыруға ықпал ететін болады.

24
4

"Қазақ және орыс тілдерінде тартылатын мұғалімдер"

Ұзақтығы:
2024 ж. қыркүйек - 2025 ж. мамыр

11-сынып оқушылары үшін

Пәндер:

Қазақстан тарихы

Математикалық сауаттылық

Оқу сауаттылығы

Математика

Дүниежүзі тарихы

Физика

Xимия

Биология

География

Информатика

Қазақ тілі

Қазақ әдебиеті

Орыс тілі

Орыс әдебиеті

Ағылшын тілі

Жобаның міндеттері:

1
1

Оқушыларды пәндер бойынша жеке даярлау

2
2

Пәндер бойынша теориялық
және тәжірибелік
курсты толық меңгеру

3
3

Кураторлық сүйемелдеу 24/7

IELTS

Жоба 11-сынып оқушыларын Назарбаев Университетіне және басқа да шетелдік жоғары оқу орындарына түсуге ықпал ететін IELTS тапсыруға дайындауға бағытталған.
Оқыту әр оқушымен жеке жұмысты қамтиды.

Күтілетін нәтижелер:

• IELTS сертификатының жоғары балы;
• Назарбаев Университетіне оқушылардың табысты түсуі;
• Оқушылардың шетелдік жоғары оқу орындарына табысты түсуі.

Ұзақтығы:
2023 ж. 11 қазан - 12.01.2024 г.

10 сынып оқушылары үшін

Жоба шеңберінде мыналар жүзеге асырылады:

1
1

Ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтау үшін
кіріспе тесті өткізіледі (Mock Test)

2
2

Барлық оқу материалдарына
қол жеткізуді қамтамасыз ету

3
3


жоғары деңгейлі
грамматиканы үйрену (Advanced grammar structures)

4
1

IELTS аясында кездесетін
тақырыптарды зерттеу және талдау

5
2

IELTS сөздік қорын
үйрену

6
3

IELTS сынақ сынақтарын
тапсыру