IQanat олимпиадасы туралы

Қор ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен жыл сайын 50 мыңға жуық сегізінші сынып оқушысын қамтитын "IQanat" республикалық олимпиадасын өткізеді. "IQanat" олимпиадасы республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларының (ғылыми жарыстар) тізбесіне енгізілген.

Олимпиаданың көмегімен Қор Қазақстан және әлем университеттеріне грантқа түсуге үш жылдық тегін дайындық үшін ауыл оқушыларын іріктейді. Осы бағдарлама аясында ауыл мектептерінің оқушылары рейтингтік жоғары оқу орындарына: Nazarbayev University, University of Purdue, Polytechnic University of Hong Kong, University of Chicago және т. б. грантқа түсті.

Біздің олимпиаданың мақсаты мен міндеті

Олимпиаданың негізгі мақсаты еліміздің ауылдық жалпы білім беретін мектептерінің оқушыларын, сондай-ақ ауыл оқушыларының ынтасын арттыру, зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу болып табылады.

Міндеттері:
- орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында дарынды оқушыларды анықтау, оларды одан әрі зияткерлік дамыту және кәсіптік бағдарлау үшін оңтайлы жағдай жасау;
- тұлғаның өзін дамытуына жәрдемдесу, сондай-ақ оларды болашақ академиялық және кәсіби сынақтарға дайындау.

1
1

мақсаты айқын ауыл оқушыларын табу және қолдау, олардың қабілеттерін ашуға көмектесу

2
2

ауыл оқушыларының дүниетанымын кеңейту, өзіне сенуге үйрету және мүмкіндік беру

3
3

бүкіл оқу кезеңінде тәжірибелі тәлімгерді іздеуге ықпал ету

4
4

грантқа түсу үшін болашақ мамандық пен университетті анықтау

IQanat олимпиадасы

Олимпиадаға тіркелу

Іріктеу кезеңіне қатысу үшін ауыл мектептерінің 8-сынып оқушылары олимпиада басталардан 30 күн бұрын IQanat платформасында тіркеледі.

IQanat олимпиадасына қатысу үшін тіркеу нысанын толтырған қатысушы Қағидада ұсынылған олимпиаданы өткізу тәртібі мен ережелерімен келіседі.

Іріктеу кезеңі – онлайн сипат

Олимпиаданың іріктеу кезеңінде тестілеу нәтижелері бойынша өз өңірлерінде ең жоғары қорытынды балл жинаған қатысушылар Олимпиаданың бірінші кезеңіне өтеді.
Тестілеу кешенді тесттен тұрады: 3 бағыт бойынша 15 сұрақ:
1) математикалық сауаттылық - 5 сұрақ;
2) логикалық ойлау - 5 сұрақ;
3) сыни ойлау - 5 сұрақ;
4) қазақ тілі - 5 сұрақ.
Барлығы 20 cұрақ.
Іріктеу кезеңін тестілеу уақыты - 40 минут.

1-кезең – Аудандық

Іріктеу кезеңінің жеңімпаздары iqanat.kz сайтындағы жеке кабинетте Олимпиаданың бірінші кезеңіне өту туралы хабарлама алады. Олимпиаданың бірінші кезеңін тестілеу нәтижелері бойынша өз өңірлерінде ең жоғары қорытынды балл жинаған қатысушылар екінші кезеңге өтеді.
кешенді тест 40 сұрақтан тұрады:
1) математикалық сауаттылық 10 сұрақ;
2) логикалық ойлау 10 сұрақ;
3) сыни ойлау 10 сұрақ;
4) қазақ тілі 10 сұрақ.
Барлығы 40 сұрақ.
Бірінші кезеңнің тестілеу уақыты - 80 минут.

2-кезең – Облыстық

Жеңімпаздар iqanat.kz сайтындағы жеке кабинетте олимпиаданың екінші кезеңіне өту туралы хабарлама алады. Қатысу күндізгі, өткізу орны - облыс орталықтары. Олимпиаданың екінші кезеңінде тестілеу нәтижесі бойынша өз өңірлерінде ең жоғары қорытынды балл жинаған қатысушылар олимпиаданың соңғы кезеңіне шақыру алады.
Олимпиаданың екінші кезеңі пәнге бағытталған. Үш міндетті бағыттан басқа, оқушылар ағылшын тілі бойынша тестілеуден, сондай-ақ таңдауға болатын пәндердің бірінен өтеді:
1. Биология - 10 сұрақ;
2. География - 10 сұрақ;
3. Қазақстан тарихы - 10 сұрақ;
4. Математика - 10 сұрақ;
5. Физика - 10 сұрақ;
6. Химия - 10 сұрақ;
Барлығы 50 сұрақ.
Олимпиаданың екінші кезеңіндегі тестілеу уақыты - 100 минут.

3-кезең – Республикалық (Ақтық сын)

Олимпиаданың үшінші кезеңіне жеке кабинетте ақтық сынға шақыру алған қатысушылар жіберіледі.
Үшінші кезеңге қатысу бетпе-бет болады. Барлық толық ақпарат iqanat.kz сайтында жарияланады.
Үшінші кезеңнің қорытындысы бойынша IQanat мектебінде оқуға шартты шақыру алатын үміткерлердің тізімі қалыптастырылады. Қалған ақтық сынға қатысушылар Олимпиададан кейінгі қолдаудың үш жылдық бағдарламасына жазылады.
Тестілеу келесі бағыттар мен пәндер бойынша жүргізіледі:
-қисынды ойлау – 10 сұрақ;
-математикалық сауаттылық – 15 сұрақ;
-сыни ойлау – 10 сұрақ;
- 2-турда таңдалған пән - 15 сұрақ.
-ағылшын тілі – 10 сұрақ.
Барлығы 60 сұрақ.
Тестілеу уақыты – 120 минут.

Жауаптар парағын толтыру жөніндегі нұсқаулық

IQanat олимпиадасында жауаптар парағын толтыру ережелері туралы толық бейненұсқаулық

IQanat олимпиадасының ережесі

IQanat олимпиадасын ұйымдастыру және өткізу туралы ереже

Қорытындылай келе, ата-аналарға және барлық мүдделі ұйымдар мен тұлғаларға Қордың барлық жобасы қазақстандық кәсіпкерлер атынан қамқоршылардың қолдауы мен ҚР Оқу-ағарту министрлігінің әкімшілік қолдауының арқасында іске асырылып жатқанын хабарлағымыз келеді.

Біз бизнес пен мемлекеттің осындай жоғары сенімін мақтан тұтамыз және ауыл жастарына өз әлеуетін ашуға көмектесуге уәде береміз.