IQanat Олимпиадасы
Олимпиаданы "IQanat білім беру қоры" қоғамдық қоры Қамқоршылар қаражаты есебінен
өткізеді.
Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері:
- қабілетті оқушыларды анықтау және қолдау, ауыл оқушыларының
шығармашылық, танымдық,
зияткерлік бастамаларын жандандыру;
- оқушылардың жалпы білім беретін пәндерді оқуға
қызығушылығын қалыптастыру;
- оқушылар арасында тікелей қарым-қатынас пен тәжірибе алмасуды ұйымдастыру.
Олимпиада
ауыл мектептерінің 9 сынып оқушылары үшін жалпы білім беретін пәндер бойынша
үш кезеңде өткізіледі:
* 1
кезең;
* 2 кезең;
* 3 кезең- Республикалық слет.
Олимпиадаға қатысу тегін. 1, 2, 3 кезеңге қатысушылардың тізімі және олимпиаданы өткізу
бағдарламалары бойынша
ақпарат оның нақты уақыты мен өткізілетін орнын көрсете отырып,
Қордың ресми сайтында жарияланады.
Мектеп
бағдарламасының барлық пәндерін қамтитын 4 негізгі бағытқа бөлінген: тілдік,
математикалық, жаратылыстану,
гуманитарлық. Сұрақтары 7-9 сынып тақырыптарынан
құрастырылған.
Аудандық олимпиадалардың жеңімпаздары облыстық олимпиадаға қатысады, ал облыстық
олимпиаданың жеңімпаздары
республикалық слетқа қатысатын болады.
Олимпиада аяқталғаннан бастап 7 жұмыс күні ішінде барлық аймақтарда
(ауылдық жерлерде)
қазылар алқасы олимпиаданың алдын-ала нәтижелерін шығарады. Олимпиаданың әр пәні
бойынша
жеңімпаздары қорытынды кестеге жиналған ұпайлардың кему ретімен енгізілген
нәтижелер бойынша құрылған рейтинг
негізінде анықталады. Ұпай саны бірдей қатысушылар
туралы шешімді олимпиаданың қазылар алқасы қабылдайды.
Олимпиаданың қорытынды
нәтижелері Қордың ресми сайтында жарияланған.
Iqanat Білім Қорымен ынтымақтастықта жұмыс жасайтын және толық немесе ішінара гранттар беретін шетелдік университеттер:
- Витаутас Магнус Университеті, Каунас, Литва. Веб-сайт: http://www.vdu.lt/kz/
- Халықаралық Финал Университеті, Солтүстік Кипр. Веб-сайт: https://www.final.edu.tr/
- Бейжің Технологиялық Институты, Қытай. Веб-сайт: http://english.bit.edu.cn/
- Мәскеу Политехникалық Университеті, Ресей Федерациясы. Веб-сайт: https://mospolytech.ru
- Санкт-Петербург Мемлекеттік Сәулет- құрылыс Университеті, Ресей Федерациясы. Веб-сайт: https://www.spbgasu.ru
Сонымен қатар IQanat олимпиадасының 100 жеңімпазы IQanat High School of Burabay-да оқуға мүмкіндік беретін Тұңғыш Президент Қорының грантының иегерлері бола алады.
Олимпиада қатысушыларына арналған IQmentor бағдарламасы
Олимпиада жеңімпаздарына мотивациялық көмек көрсету үшін IQanat қоры IQMentor менторлық бағдарламасын әзірледі.
Менторлық IQMentor бағдарламасының басты мақсаты – қамқорлығындағы ментидің мақсаттарына жетуге ықпал ететін кәсіби жаңа бағыттарға ие болуы мен бойындағы бар іскерліктерін дамытуға көмектесу.
Ментор - тәлімгер, Қордың серіктесі.
Менти – қамқорлықтағы IQanat олимпиадасының жеңімпазы.
Ментор мен ментидің қарым-қатынастарының көпшілігі қашықтықтан жүзеге асырылады.
IQanat бағдарламасының аясында ментор ауыл мектептерінің балаларының әрқайсысының еліміз бен әлемнің алдыңғы қатарлы ЖОО-на оқуға түсуге мотивациясы мен сенімін сақтауға көмектесетін тәлімгер болады. ҰБТ мен IELTS қосымша дайындық бағдарламасын дайындаған оқытушы-тәлімгерлердің барлық тапсырмаларын менти тұрақты түрде орындауларына ментордың ықпал етуі маңызды. Менти IQanat ұсынған қорлардың барлығын толық пайдалануы керек. Өзінің жеке тәжірибесімен бөлісе отырып, IQanat менторы ауыл мектептерінде оқитын балалар еліктеуге тырысатын өнегелі тұлға ретінде олардың кеңістіктерін кеңейтуге қабілетті.
Менти өзін ментордың үнемі қолдауға, маңызды кеңес беруге, қолдауға дайын екенін білгенімен, өзінің оқудағы нәтижесіне тек өзі жауап беретінін түсінгені маңызды. Ол жауапкершілікті менторға аудармауы керек. Менти оқу мен жалпы дайындық бойынша процесте белсенді болып, сұрақтар қоюға қорықпауы керек. Менторлар кеңесін тыңдап, олар ұсынған қосымша материалдарды оқу үшін уақыт тауып, оқу бағдарламасын орындау маңызды. Тәлімгермен диалог тиімді, коммуникация табысты болу үшін менти шынайы қызығушылық пен бастама көтеруі тиіс.
Аталған бағдарламаны жүзеге асыру үшін IQanat бағдарламасының қатысушыларының сауалнамалары мен жылдық жоспары жинақталды. Түрлі құралдар жинақталды: Менторлық бойынша менторға арналған құрал, IQmentor book, Ментиге арналған құрал, IQmentor бағдарламасы жетекшісіне арналған нұсқаулық.
Келесі аудандардың:
- Түркістан облысының Ордабасы ауданы;
- Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданы;
- Қарағанды облысының Шет ауданы;
- Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданы;
- Ақмола облысының Шортанды ауданы
Қамқоршыларының бастамасы негізінде «IQanat білім қоры» ҚҚ мұғалімдердің, ата-аналардың және оқушылардың жоғары академиялық нәтижелерінің жетістіктеріне қосқан үлестерін біріктіру мақсатында «IQanat Ustaz» сайысын ұйымдастырады. Сайысқа мұғалімдер, ата-аналар және IQanat олимпиадасының 1 турының жеңімпаздары болып табылатын оқушылар қатысуға болады. Сайыс «IQanat білім қоры» ҚҚ әзірлеген Ережеге сәйкес өткізіледі.
Сайысқа қатысу үшін 27.01.2020 ж. бастап 15.02.2020 ж. дейін өтінішті info@iqanat.kz электрондық поштаға жіберу қажет.
Қамқоршылардың бастамасы негізінде «IQanat білім қоры» ҚҚ-мен «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы бірлесіп «Business IQanat» сайысын өткізеді. Конкурстың мақсаты – келесі ауыл мектептерінің оқушылары арасында кәсіпкерлік дағдыларды, шығармашылық әлеуетті және бәсекеге қабілетті ойлауды дамыту:
- Қарағанды облысының Шет ауданы;
- Жамбыл облысының Мойынқұм ауданы;
- Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданы;
- Алматы облысының Кербұлақ ауданы;
- Қарағанды облысы Шахтинск қаласының ауылдары;
- Түркістан облысының Қазығұрт ауданы;
- Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданы.
Сайыс «IQanat білім қоры» ҚҚ әзірлеген Ережеге сәйкес өткізіледі. Осы сайыстың жеңімпазы болған қатысушылардың командалары бизнес-идеяны іске асыруға грант алуға құқылы.
Платформада тіркелу 2020 жылғы 01 ақпаннан 10 ақпанға дейінгі кезеңде өтеді.