Физика
Негізгі орта білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бойынша
Математика
Мектеп оқу бағдарламасы шеңберінде, бірақ математикалық логикаға негізделген тапсырмалар саны басым
Ағылшын тілі
Мектеп оқу бағдарламасы шеңберінде, бірақ тапсырмаларды құрастыру әдістемесі IELTS халықаралық емтихан талаптарына сәйкестендірілген
«Эрудит» эссе байқауы
Қатысушыларға алдын-ала әдебиет тізімі ұсынылады, оларды оқығаннан кейін қатысушылар шығармалар жайлы өз ой пікірін эссе жазу арқылы білдіру қажет
IQanat мақсаттары
Ауыл мектептері оқушыларының Қазақстан және шетел ЖОО-ға тең дәрежеде түсуге мүмкіндік алуға қолдау көрсету
IQanat бағдарламалары:
- олимпиада өткізу арқылы қабілетті оқушыларды сапалы іріктеуден өткізу;
- Шетел университеттерінде оқуға гранттар мен стипендияларды іздеуге көмектесу;
- Қазақстанның және әлемнің үздік ЖОО-ға қабылдау емтихандарына дайындық барысында көмек көрсету;
Университеттер: Ұлы Витаутас атындағы университеті, Литва сайт: http://www.vdu.lt/ru/
Олимпиада қатысушыларына арналған IQmentor бағдарламасы
Олимпиада жеңімпаздарына мотивациялық көмек көрсету үшін IQanat қоры IQMentor менторлық бағдарламасын әзірледі.
Менторлық IQMentor бағдарламасының басты мақсаты – қамқорлығындағы ментидің мақсаттарына жетуге ықпал ететін кәсіби жаңа бағыттарға ие болуы мен бойындағы бар іскерліктерін дамытуға көмектесу.
Ментор - тәлімгер, Қордың серіктесі.
Менти – қамқорлықтағы IQanat олимпиадасының жеңімпазы.
Ментор мен ментидің қарым-қатынастарының көпшілігі қашықтықтан жүзеге асырылады.
IQanat бағдарламасының аясында ментор ауыл мектептерінің балаларының әрқайсысының еліміз бен әлемнің алдыңғы қатарлы ЖОО-на оқуға түсуге мотивациясы мен сенімін сақтауға көмектесетін тәлімгер болады. ҰБТ мен IELTS қосымша дайындық бағдарламасын дайындаған оқытушы-тәлімгерлердің барлық тапсырмаларын менти тұрақты түрде орындауларына ментордың ықпал етуі маңызды. Менти IQanat ұсынған қорлардың барлығын толық пайдалануы керек. Өзінің жеке тәжірибесімен бөлісе отырып, IQanat менторы ауыл мектептерінде оқитын балалар еліктеуге тырысатын өнегелі тұлға ретінде олардың кеңістіктерін кеңейтуге қабілетті.
Менти өзін ментордың үнемі қолдауға, маңызды кеңес беруге, қолдауға дайын екенін білгенімен, өзінің оқудағы нәтижесіне тек өзі жауап беретінін түсінгені маңызды. Ол жауапкершілікті менторға аудармауы керек. Менти оқу мен жалпы дайындық бойынша процесте белсенді болып, сұрақтар қоюға қорықпауы керек. Менторлар кеңесін тыңдап, олар ұсынған қосымша материалдарды оқу үшін уақыт тауып, оқу бағдарламасын орындау маңызды. Тәлімгермен диалог тиімді, коммуникация табысты болу үшін менти шынайы қызығушылық пен бастама көтеруі тиіс.
Аталған бағдарламаны жүзеге асыру үшін IQanat бағдарламасының қатысушыларының сауалнамалары мен жылдық жоспары жинақталды. Түрлі құралдар жинақталды: Менторлық бойынша менторға арналған құрал, IQmentor book, Ментиге арналған құрал, IQmentor бағдарламасы жетекшісіне арналған нұсқаулық.