Мұғалімдерге арналған ақпарат

Құрметті мұғалімдер мен қоғам қайраткерлері IQ Teachers қауымдастығына қош келдіңіздер!

Біздің парақшамыз толығымен IQanat білім беру қорының Қазақстан мұғалімдерімен ынтымақтастығына арналған.

Біз ауыл мұғалімдерінің жанкешті жұмысын шексіз бағалаймыз және күш-жігерімізді біріктіру арқылы, білім саласындағы жағдайды өзгерте алатынымызға сенімдіміз.

Қор қауымдастықтарына қатыса отырып, сіз көптеген жаңа әсерлер аласыз, қызықты сарапшылармен кездесесіз, мансаптық өсуге мүмкіндіктер ашасыз.

Біз сізге оқушыларды облыстық және республикалық деңгейдегі олимпиадаларға қалай дайындау керектігін айтамыз. Мүмкін дәл сіздің оқушыңыз айқанатшы болып, IQHSB мектебіне түсетін шығар!

Біздің құндылықтарымызбен бөлісетін ең белсенді мұғалімдер өз аудандарында Қордың мүдделерін таныстыратын IQanat амбассадоры деңгейіне өте алады.

Серіктестіктің осы өзара тиімді форматының шарттары жеке келісіледі-бұл үшін біздің менеджермен сайттағы "Байланыс" бөлімінде көрсетілген телефон нөмірі арқылы байланысу жеткілікті.

Төменде Қазақстанның ауыл мектептерінен келген мұғалімдер мен Қордың арасындағы жұмысы жолға қойылған ағымдағы жобалар мен қоғамдастықтар келтірілген.

Егер көбірек білгіңіз келсе, тиісті батырманы басыңыз немесе белгілі бір жобаның ережелері мен шарттары жазылған құжатты жүктеңіз.

  • Teacher ' s camp қауымдастығы

    Жыл сайынғы Teacher ' s camp слеті біз сияқты Қазақстанның әрбір ауданы мен ауылында сапалы білім беруді армандайтын педагогтарды іздестіру және қолдау мақсатында өткізіледі.

    IQanat республикалық олимпиадасының барлық 700 финалистінің мұғалімдері осы бірегей іс-шараға қатысуға өтінім бере алады.

    Teacher ' s camp тарихы IQanat High School of Burabay мектеп-пансионатында оқу гранттарына ие болған IQanat олимпиадасы жеңімпаздарынан алынған сауалнамадан басталды.

    Біз балалардан оларға үздік үлгісімен әсер еткен немесе жеңісіне ықпал тигізген мұғалім, я ұстаз туралы эссе жазуды сұрадық.

    Нәтижесінде 82 педагогтың тізімі алынды. Анықталғандай, олардың көпшілігі еліміздің ең шалғай түкпірлерінде, мысалы, Маңғыстау мен Атырау облыстарының мектептерінде жұмыс істеген.

    Кәсіби мамандар арасында тек "пән мұғалімдері" ғана емес, сонымен қатар бастауыш сынып мұғалімдері, тіпті музыка пәнінің де мұғалімі болды.

    IQanat High School of Burabay мектебі мен Бурабай кентінің ғажайып курорттық аймақтарына экскурсия жасау үшін, қызықты сарапшылармен кездесулер ұйымдастыру үшін, ауылдағы білім туралы сөйлесу үшін бұл адамдарды бірге жинау біз үшін үлкен мәртебе болды

    Сіздердің алдарыңызда 2021 жылдың 7-10 тамызы аралығында Бурабай көлінің көркем жағалауында өткен жыл сайынғы IQanat қоры мұғалімдері слетінің қысқаша есебі

    Бұл оқиға Қазақстанның ауылдық мектептерінде заманауи білім беру технологияларын игеруді және дамуды қалайтын талантты әрі жігерлі педагогтар жұмыс істейтінін бізге тағы бір мәрте дәлелдеді

    Алғашқы жыл сайынғы Teacher's camp слеті туралы толығырақ ақпаратпен төмендегі қосымша ақпараттарды жүктеу арқылы және видеоны қосу арқылы таныса аласыз

    Біз еліміздің үздік мұғалімдері жиналған жаңа қоғамдастығымызбен мақтанамыз және Teacher ' s camp-ті дамытуда одан әрі жұмыс істейтін боламыз!

    Teachers camp 2021 толық есебін жүктеу

Сізді мұғалімдер қауымдастығына қосылуға шақырамыз!