IELTS Center

БІЗ СІЗДЕРДІ IELTS сертификатын алу сұрақтарына арналған IELTS Center парақшасында көргенімізге қуаныштымыз.

IQanat қоры IELTS Center – ді қазақстандық оқушыларға оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін жоғары оқу орындарына түсуге көмектесу мақсатымен құрды.

Біз сондай-ақ орталықтың бүкіл әлемдегі Британдық мәдениетті білдіретін әлемге әйгілі British Council ұйымымен әріптестікте жұмыс істейтінін мақтан тұтамыз.

IELTS халықаралық емтиханы International English Language Testing System дегенді білдіреді; ол тек жоғары оқу орындарына түсу үшін ғана емес, сонымен қатар иммиграция немесе шетелде жұмыс істеу үшін де тапсырылады.

IELTS Center қызметін кім пайдалана алады

IQanat Қоры мен IQHSB мектебінің оқушылары, сондай-ақ шетелдік және ағылшын тілінде білім беретін отандық жоғары оқу орындарына түсуге ниет білдірген барлық қазақстандық оқушылар.

IELTS Center қай жерде орналасқан

IELTS Center Бурабайдағы IQHSB мектебінде орналасқан. IELTS ағылшын тілі бойынша халықаралық тестке тіркелу үшін емтиханды өткізудің қолжетімді күндерін зерделеп, емтихан туралы ақпаратпен және оны өткізу тәртібімен танысу қажет. Емтиханды IQHSB мектебіне тікелей бару арқылы тапсыруға болады.

IELTS Center-ге тіркелу

Тіркеу алдын-ала жасалуы керек екенін ұмытпаңыз. Ол үшін Сіз төменде көрсетілген телефон арқылы қоңырау шалып, емтиханның қажетті күнін, сондай-ақ орталықтың қызметтеріне ақы төлеу тәртібін білуіңізге болады.

Сондай-ақ сізге IELTS сынағының нәтижелерін білетін күн туралы ескертіп, хабарлауы керек.

Тіркелу телефоны: +7 *** *** ** **

Біздің орталықтың жұмыс кестесі мен ережелеріне қатысты сіздердің кез келген сұрақтарыңызға жауап беруге әрқашан дайынбыз. Сізге IELTS сертификатын алуда табыс тілейміз!