Қысқы демалыс аяқталды,олармен бірге біздің Winter Сamp.

Қысқы демалыс аяқталды,олармен бірге біздің Winter Сamp.
2021 жылдың 4-9 қаңтар аралығында IQanat High School of Burabay-да IQ-19 үшін Winter Самр өткізілді. Айқанаттықтарға мазмұнды оқу бағдарламасы, ҰБТ тапсыру үшін барлық пәндер бойынша дайындық, мотивациялық тренингтер, семинарлар дайындалды,  арнайы шақырылған қонақтар балалармен өз тәжірибелерімен бөлісті және шеберлік сыныптарын берді.
EduCon компаниясының оқытушылары қызықты және заманауи үлгіде сабақтар өткізді, осылайша балалар ҰБТ-ға дайындық процесіне тартылды және өткен материалды оңай игерді. Күн сайын ұстаздар, облыстық үйлестірушілер Winter Camp жайлы рефлексия жүргізіп отырды. Рефлексия нәтижесі қысқы лагерь балалардың көңілінен шыққанына сенімділік берді.
Көптеген балалар өздерінің қорытынды эсселерінде өз күн тәртіптерін,жоспарларын құруды, мақсат қойып, сол мақсатқа қол жеткізуді  үйренгендерін, өз-өздеріне деген сенімділіктің пайда болғаны туралы  жазды. Балалар өз демалыстарын қызықты және нәтижелі өткізді. Достыққа, жылулыққа толы ортада балалар өздерін бір үлкен отбасындай  сезінді.
Winter Самр Бұл ауыл оқушыларына ҰБТ-ге тиімді дайындықтан өтуге, мотивациялық тренингтерге қатысу арқылы өз білімдері мен дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді.