Жаңа жыл Шымкент Плазамен!

Жаңа 2021 жыл қарсаңында Түркістан аймағының меценаты, TS Development даму компаниясының акционері, Алматыдағы Dostyk Plaza және Шымкенттегі ShymPlaza сауда ойын-сауық орталықтарының иесі - Тулбасов Серік Карабекұлы IQanat-тықтарды келе жатқан Жаңа жылымен құттықтады. Оқушыларға оқуда үздік болуды, үлкен шығармашылық табыс, денсаулық пен амандық тіледі.

 «Shymkent Plaza» СОО басшылығы оқушыларға жылы жүзбен, жылы қарсы алу ұйымдастырды.  IQanat бағдарламасының үздік 17 оқушысы Меломан дүкенінде Сертификаттармен марапатталды.

 Сондай-ақ, балаларға арнап «Shymkent Plaza»  сауда-ойын-сауық орталығына экскурсия ұйымдастырылды, онда олар рахаттанып  серуендеп, бір-бірімен әңгімелесті, Аяз Атамен және Ақшақармен фотосессия ұйымдастырды және сауда орталығына барудан көптеген әсер алды.

 Оқушыларды құттықтағаны, IQanat-қа назар аударғаны және қолдағаны үшін меценат Серік Қарабекұлы Тулбасовқа және «Shymkent Plaza» командасына ұжымына үлкен рахмет.