Сайт үшін авторлық құқық туралы мәлімет

Құрметті сайт Пайдаланушылары!

Осы хатта «EduCon» ЖШС (бұдан әрі - «EduCon») сізге EduCon веб-сайтында жазылған бейне / аудио материалдардың (бұдан әрі - материалдар) барлығы EduCon еңбек шарттарына сәйкес қызметтік міндеттері шеңберінде жасалған, авторлардың өзіндік интеллектуалды қызметінің нәтижесі болып табылатындығы туралы, сондай-ақ бұл қызмет түріне авторлармен жеке меншік құқық туралы келісімдер жасалғанын хабарлайды. Қызмет жұмыстарының авторлығы өзге құжаттар ретінде,  авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікпен расталады.

Материалдарды EduCon алдын ала алынған жазбаша түрдегі келісімінсіз үшінші тұлғаларға таратуға тыйым салынады. Материалдар тек тиісті (олардың) адресаттарына (мекен-жайларына) арналған.

Кез-келген басқа адамның осы материалға және оның қосымшаларына қол жеткізуі заңсыз болып табылады.

Егер сіз тиісті адресат болмасаңыз, онда кез-келген ақпаратты ашуға, көшіруге, беруге, таратуға немесе басқаша пайдалануға тыйым салынады және заң бойынша жауапкершілікке тартылады.

Егер сіз материалдарды қателесіп алған болсаңыз, жіберушіге дереу хабарлап материалдарды және оған қосымшаларды өзіңіздің ақпараттық жүйеңізден жоюыңыз қажет.

Осы талап орындалмаған және EduCon авторларының зияткерлік меншігінен алынған материалдар таратылған болса, сондай-ақ зияткерлік жұмыстың заңды авторының рұқсатынсыз пайдаланылған жағдайда, ақпараттық ресурстарда, оның ішінде әлеуметтік желілерде сіздің зияткерлік меншік құқығын бұзғандығыңыз туралы хабарландыру жасауға, сонымен қатар Алматы сотына талап арыз жазуға EduCon мәжбүр болады.