IQanat High School of Burabay

Қайырлы күн!
IQanat қорының  Бурабайдағы мектебінің ашылу салтанатында орын алған маскалық режимді бұзу фактісіне байланысты қордың ресми жауабымен танысуларыңызды өтінеміз. Оқырманға ұсынар материалдарыңызда осы жауапты қолдануларыңызды сұраймыз. 
 
"Мектепке қабылдану кезінде барлық оқушылардың қатаң екі апталық оқшаулау карантинінен өткенін хабарлаймыз. Сонымен қатар, мұғалімдер, әкімшілік қызметкерлер, мектеп оқушылары COVID-19 үшін қос ПТР тестілеуден сәтті өтті. Іс-шараға оқушылар, мектеп қызметкерлері, сондай-ақ ресми тұлғалардың шектеулі тобы қатысты. Салтанатты жиынға қатысуға ПТР-тестілеуден өткеннен кейін ғана рұқсат берілді. Сондай-ақ, мектеп шағын комплектілі болып табылғандықтан, мектепке және оның оқушыларына қолжетімділік, сыртқы ортамен өзара іс-қимыл қатаң шектелетінін атап өту маңызды. Қазіргі уақытта мектеп басшылығы маска режимін бұзу фактісіне байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті түрде айыппұл төлеу бойынша жұмыс жүргізуде".