Құрметті IQanat-2020 1-кезеңінің қатысушылары!

Бір ай бойы еліміздің барлық облыстары мен аудандарында ауыл оқушыларына арналған IQanat олимпиадасының бірінші іріктеу кезеңі өтті.

Қазақстандық оқушылардың қалада немесе шалғайдағы ауылда оқитындарына қарамастан, олардың білімге ұмтылуы, осы дәстүрлі сипаттың сақталуы бизнесмендер үшін өте қуантарлық жайт. Оған 162 ауылдық аудан орталығынан келген 35 мың бала дәлел.

Ертең, осы межені бағындырған және келесі кезеңге өткендердің тізімін жариялайтын боламыз. Егер өзіңізді 1-кезеңнің 7000 жеңімпазының тізімінен таба алмасаңыз, біз сізді жеңіске жету жолында бірінші қадам жасады деп есептейміз.

Бірінші турға қатысқандардың барлығы, өздерін ауқымды IQanat клубының мүшесі ретінде толық есептей алады. Өйткені, сіздермен бірге біз жаңа жеңіс пен жетістіктерге дайындалуды ауыл мектептеріне арналған он-лайн платформамыздың көмегімен жалғастыратын боламыз! Біздің білім хабы ресурстарын пайдалану дегеніміз - Сіз үшін ыңғайлы тілдегі бейнесабақтар мен өз қабілеттеріңізді тексеру тесттері, зияткерлік квесттер мен командалық ойындар. Сонымен қатар, Қазақстанның түрлі ауылдарындағы құрдастармен қарым-қатынас және өз рейтингіңізді олардың жетістіктерімен салыстыру, көптеген танымдық және пайдалы ақпараттар. Үшінші тоқсанның жартысынан бастап іске қосылатын он-лайн ресурс табысқа жетуді қалайтын және сапалы білім алуда кездесетін кедергілерді жеңуге дайын оқушылар үшін жол сілтер құрал болмақ.

Платформа ауыл балалары және оларға өзіне деген сенімділік пен бойындағы ең жақсы қасиеттерін дамытуға көмектесетін ересек адамдар, яғни бизнесмендерді, мұғалімдерді, ата-аналарды, студенттерді біріктіретін IQanat қауымдастығының драйверіне айналады. Онлайн ресурс әртүрлі білім додаларына баптайтын тамаша дайындық тренажеры болады.

Біздің басты міндет - әлемдегі үздік онлайн оқыту әдістемелерін жинақтап, Сізге түсінікті әрі қолжетімді контент жасау. Сабақтар мен тапсырмаларды әзірлеу үшін еліміздің үздік педагогтерін шақырдық. Ал техникалық қолдауды халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары атанған және сіздің сондай деңгейге жетуіңізді шын жүректен қалайтын, ауылдан шыққан кәсіби мамандар жүзеге асырды.


Әрбір оқушы әлемдегі ең үздік білімге лайықты екеніне сенімдіміз!

Олимпиада нәтижесі