ҚҰРМЕТТІ ЭССЕ БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУШЫЛАР

Құрметті эссе жазу байқауына қатысушылар, 2020 жылдың наурыз айында кестеге сәйкес өтетін екінші кезеңнің жалпы тақырыбы экология, адам мен табиғат ара-қатынасына арналады. Осы мәселені адами құндылықтар призмасы арқылы ашып, көрсету керек. Табиғатқа, қоршаған ортаға сүйіспеншілік, қиянат жасамау сияқты мәңгілік құндылықтар  адамның ұлтына, нәсіліне, ортасына, дініне қарамайтын, уақытпен өзгермейтін құбылыс екендігі туралы идеяны ашу маңызды.

Дайындық барысында келесіге назар аударыңыз:

Кілтті сөздер: табиғат, адами құндылықтар, қоршаған орта, ғаламшар қауіпсіздігі.

Оқуға ұсынатын әдебиеттер:

«Ғаламдық жылыну»    http://challenge.kz/storage/books/ғаламдық%20жылыну_1575877191.PDF

«Темная сторона света» https://oyla.xyz/article/temnaa-storona-sveta

«Как сохранить природу» https://oyla.xyz/article/kak-sohranit-prirodu

Герман Мервил «Моби Дик» каз -  https://kitap.kz/book/mobi_dikhttps://reader.bookmate.com/YxXwhh7j - руссДжек Лондон «Белый клык» https://librebook.me/white_fang/vol1/1

 

Байқау барысында аргументативті эссе жазылуы тиіс. Эссе жоғарыда аталған әдебиеттер мазмұны бойынша жазылмайды. Ұсынылған әдебиеттерді эссені жазуға дайындық, негізгі идеяларды анықтау, мысал келтіру барысында қолдануға болады.

Құрметті қатысушы, challenge.kz сайтында эссе жазып дағдылануға арналған бірнеше видео сабақтар мен қосымша әдебиеттер бар. Олардың сіз үшін көмегі орасан зор. Сондықтан,  challenge.kz тіркеліп, «Қосымша материалдар» айдарындағы «видеосабақтар» және «әдебиет» деген бөлімдерді мұқият қарап, танысып шыққаныңыз дұрыс.