IQanat Қоры Қазақстанның барлық өңірлерінде ауыл оқушылары мен мұғалімдерін қолдауға бағытталған әлеуметтік-білім беру жобалары мен бағдарламаларын іске асырады.

Қордың жұмысы қамқоршылар мен демеушілер жарналарының, білім беру және әлеуметтік саясат саласындағы сарапшылардың қатысуымен мүмкін болды.

Жаңа жылдық есеп көру

Біз еліміздің ауылдары мен шалғай өңірлеріндегі әрбір оқушы сапалы білім алуға қол жеткізе алатынына сенімдіміз. Болашақта бұл балалар ауылдың, ауданның, облыстың және жалпы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының өсуіне әсер етеді!”

IQanat Қорының Қамқоршылары

IQanat Қорының тарихы

Қымбатты достар, Сіздердің назарларыңызға IQanat қорының тарихы туралы қысқаша очерк ұсынамыз. Оны зерттей отырып, сіз біздің миссиямыз бен міндеттеріміз туралы жалпы түсінік аласыз.

Біз олимпиадашыларымыздың IQanat Қорын отбасым деп атағанын мақтан тұтамыз. Ал әр отбасында көптеген кішкентай жеңістер мен тәжірибелерден тұратын оқиға болуы керек. Мүмкін бір күні сіз де біздің ортақ шежіремізге бірнеше маңызды жолдарды жазарсыз.

Ауылдық мектептердегі жоғары сынып оқушыларының елордаға сапарлары-2004 ж.

Қазақстанның ауыл мектептерін қолдау идеясы 2004 жылы пайда болды, яғни IQanat Қорының ресми іске қосылу күніне дейін.

Осы жылдары отандық бизнесмен Айдын Рахимбаев Самар ауданының Казнаковка ауылындағы өзінің туған мектебіне белсенді түрде көмектесті.

Туған жайлаудан тыс әлемді жиі көрмейтін ауыл оқушыларын бақылау оны үлкен қаланың оқу орындарын балаларға көрсету туралы ойға итермеледі.

Шынында да, 2004 жылдың қаңтарында Казнаковка мектебінің жоғары сынып оқушылары өмірінде алғаш рет астаналық жоғары оқу орындарының атмосферасына еніп, елдің басты мегаполисіне барудан әсер алды.

Бірте-бірте оқушылардың түкпірден Астанаға білім беру сапарлары тұрақты бола бастады, бұл көптеген балаларға Қазақстанның үздік университеттерін өз көздерімен көруге мүмкіндік берді.

Ауылдық білім беруді қолдау қозғалысына басқа да бей-жай емес кәсіпкерлер қосылды. Олар Көкпекті ауданының мектептеріне жаңа мультимедиялық техника, спорттық жарақтар, кітаптар сатып алуға көмектесті.

Бірінші олимпиаданың прототипі-2008 ж.

2008 жылы балалардың елордаға сапарларына әдебиеттік оқу және эссе жазу конкурстары қосылды.

Осылайша, жыл сайын Қазақстанның ауыл жастарының білім алуына және мансаптық биіктерге жетуіне деген ынтасын оятуға қабілетті алғашқы жеке білім беру олимпиадасын іске қосуға алғышарттар жасалынды.

Бірінші олимпиада-2017 ж.

IQanat-тың алғашқы олимпиадасы 2017 жылы басталып, айналасына Шығыс Қазақстан облысының алты шалғай ауданынан бір жарым мың жас қатысушыны жинады.

Білім беру олимпиадасының одан әрі дамуы терең жүйелеуді талап ететінін сезіне отырып, Айдын Рахимбаев қамқоршылардың күш-жігерін біріктіретін қор құру идеясын ниеттес адамдармен бөлісті.

Алғашқы қамқоршылар-2017 ж.

Бұл ұсыныс қазақстандық бизнесмендер арасында қолдау тапты. Қордың алғаш негізін қалаушылар қатарында "Алтын Қыран" компаниялар тобының бас директоры, Исламбек Салжанов, бизнесмен Дәурен Жақсыбеков, "Forbes Kazakhstan" журналының баспагері Арманжан Байтасов бар.

Оларға Zhersu корпорациясының басшысы Бауыржан Оспанов, сондай-ақ осындай белсенді өмірлік ұстанымы бар облыстық қамқоршылар: Тимур Турлов, Андрей Лаврентьев, Асқар Алшынбаев, Берік Қаниев, Нұржан Субханбердин, Ерлан Исекешев, Байжан Қанафин, Ғазиз Құсайын, Асхат Омаров, Сергей Кан, Серік Түлбасов қосылды.

Қамқоршылардың саны тез өсті, 2018 жылы үш адамнан басталып, 2019 жылы қырыққа жетіп, 2021 жылы алпыстан асты.

IQanat қорының құрылуы-2018 ж.

Қамқоршылардың бірауызды шешімімен 2018 жылдың 5 мамырында IQanat қоры құрылды.

Бұдан былай бизнесмендер мен меценаттардың көмегі дамудың айқын бағытына ие болды: ауыл мектептерінің оқушыларын ұлттық және шетелдік жоғары оқу орындарына түсуге тең қол жеткізуде қолдау көрсету және жобаны аудандарға, облыстар мен одан әрі бүкіл елге тарату.

Жаңа ұйымның дамуына "ақылды ақша" стратегиясы негіз болды, ол бизнесмендер тарапынан тұратын ақшалай салымдардан ғана емес, сонымен бірге ортақ іске зияткерлік үлес қосудан да тұрды. Өйткені, көптеген кәсіпкерлер мен меценаттар кең тәжірибе мен аналитикалық ойға ие.

2018 жылғы Олимпиаданың іріктеу кезеңінің нәтижелері таңдалған миссияның дұрыстығының дәлелі болды. Еліміздің барлық облыстарынан барлығы 26 мың жасөспірім IQanat олимпиадашысы болуды қалады!

Республикалық олимпиада-2019 ж.

Іріктеу турларынан өте отырып, 2019 жылы үздік финалистер Назарбаев университетінде алғаш рет өткен Республикалық олимпиадаға келді.

Еліміздің барлық 162 ауданынан жиналған 700 бала Қор құрушылары армандаған болашақ қазақстандық интеллигенцияның үлгісі болды.

Осылайша, ауыл оқушыларын қолдауға бағытталған қазақстандық кәсіпкерлердің ең ауқымды бастамасының бағыттары түпкілікті қалыптасты.

Еріктілердің алғашқы жиыны-2019 ж.

Еріктілер алғаш рет өздерін 2019 жылы IQanat олимпиадасы финалистерінің еліміздің астанасында өткен ауқымды слетінде көрсете білді.

Назарбаев университетінде еліміздің түкпір-түкпірінен келген 700-ден астам қатысушыны қабылдауға көмектескен қажымас балалардың көмегінсіз бізге қиын болар еді.

Еріктілер слетті сәтті өткізуге ықпал ете отырып, қатысушыларды үйлестірді, көмектесті, қолдады.

Мектептің салынуы-2019 ж.

Олимпиаданың жетістігі ұйымдастырушыларды шабыттандырып қана қоймай, өз болашағын IQanat-қа сеніп тапсырған ауыл жастары алдындағы жауапкершілікті еске салды.

Еліміздің барлық аудандарынан 900-ден астам бала қашықтықтан оқыту форматының негіздерін түсіне отырып, біздің бағдарламалар бойынша жоғары оқу орындарына түсуге дайындалды.

Олардың көпшілігі заманауи озық мектепте оқыса, әлдеқайда үлкен нәтижелерге қол жеткізер еді.

Сондықтан 2019 жылдың көктемінде Қор басшылығы IQanat High School of Burabay мектеп-пансионатын салу туралы шешім қабылдады. Таңдау Бурабай кентіндегі Щучье көлінің көркем жағалауына түсті.

Мектеп қазіргі білім беру саласындағы инновациялардың шынайы көрінісіне айналды. Сонымен қатар, жыл сайын 10-11 сыныптардың 200 оқушысын жоғары оқу орындарына түсуге дайындайтын мықты мұғалімдер мен жаттықтырушылардан тұратын ұжым құрылды.

Олимпиаданың республикалық кезеңінің жүздеген мақсаткер финалистері үшін оқыту Қор қамқоршыларының гранттары есебінен тегін ұсынылды.

Олимпиадашылардың жас шамасының төмендеуі - 2019 ж.

Олимпиадашылар IQHSB мектебінде оқыған кезде олимпиадаға қатысудың жас деңгейін 8-сыныпқа дейін төмендету керек екені белгілі болды. Бұл көкейтесті IQHSB грантын алған олимпиада финалистеріне тоғызыншы сынып бойы біздің мектепке түсуге дайындалуға мүмкіндік береді.

Егер 2018 жылы олимпиада 9-10 сынып оқушылары арасында өткізілсе, 2019 жылы ауыл мектептерінің тек 9-сынып оқушылары олимпиадаға қатыса алды. 2021 жылы оларға сегізінші сынып оқушылары да қосылды, қатысушылардың жалпы саны 60 мың адамға жетті.

Қатысушылар базасының кеңеюімен Қордың қамқорлығындағы олимпиада финалистерінің саны да өсті. Осылайша, жыл сайын 700 олимпиадашыға өсуімен, 2021 жылға қарай Қор 2100 жасөспірімге көмектесті.

Жас айқанатшылардың осындай санын бір уақытта қамқорлыққа алу үшін жастарға тәлімгер рөлін алуға қабілетті еріктілердің көмегі қажет болды. Қор қызметінде жаңа бағыт-тәлімгерлік осылай пайда болды.

Қордың Менторлары - 2019 ж.

2019 жылы қор тарихы үшін маңызды өңір - Шығыс Қазақстан облысында менторлар олимпиадашыларға елеулі көмек көрсетті. Сол кезде менторларды таңдау критерийлері айқын болды.

2021 жылдың көктемінде IQanat тың тәлімгерлік бағдарламасы толық күшіне енді. Қор оқудың барлық кезеңдерінде оқушыларға тегін көмектесуге дайын, белсенді өмірлік ұстанымы бар адамдарды іздеуге кірісті.

Білім беру саласындағы пайдалы кеңестерден бөлек, ментор өз шәкірттерін тыңдай білуі, оларды күмән туындаған сәттерде шабыттандыруы тиіс.

Осындай адамдарды іріктеудің қатаң критерийлеріне қарамастан, тәлімгерлік бағдарламасы қарқын алуда және әрбір олимпиадашы сенімді және білікті менторға ие болу мүмкіндігі күн сайын артып келеді.

Білім платформасы - 2020 ж.

2020 жылы IQanat білім платформасының іске қосылуы Қорға академиялық көмек деңгейін түбегейлі жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік берді.

Бірыңғай интернет-портал мен смартфондарға арналған қосымшаның көмегімен ауыл оқушылары оқыту курстарын неғұрлым ыңғайлы меңгере алады. Сабақтарды ойын және бәсекелестік элементтерімен біріктіре алу мүмкіндігін платформамыздың мықты жағы деп санаймыз . Оқыту түпнұсқа және қабылдау үшін ыңғайлы курстар негізінде құрылады (видео, мәтіндер, тестілеу).

Осы платформаның көмегімен біз мемлекетіміздің ауыл мектептеріндегі білім беруді жақсарту ісіндегі күш-жігерін қолдаймыз және олимпиадашыларға онлайн режимде оқу ыңғайлы болады деп үміттенеміз.

Олимпиададан кейінгі қолдау-2020 ж.

Егер ауыл оқушысы IQanat олимпиадасының кезекті турына өтпей, бірақ ЖОО-ға түсуге үмітін үзбесе, қор оған әрі қарай да академиялық қолдау көрсететін болады.

Қандай да бір себептермен олимпиададан шыққан олимпиадашыларды қолдау үшін 2021 жылы ауыл оқушысы оқитын сыныптың ерекшеліктерін ескеретін арнайы тегін бағдарламалар іске қосылды.

IQ O-онлайн сабақтар мен облыстық жиындардың оңтайлы үйлесіміне құрылған жоғары оқу орындарына түсуге үш жылдық қарқынды дайындық бағдарламасы. IQanat OBL толық атауы "олимпиаданың облыстық турының финалистері үшін IQanat" дегенді білдіреді.

IQ R-олимпиадашылардың жоғары оқу орындарына түсуге қарқынды даярлаудың үш жылдық бағдарламасы. IQanat RESP толық атауы "олимпиаданың республикалық турының қатысушыларына арналған IQanat" дегенді білдіреді.

IQ IP-IQanat High School of Burabay мен үздік университеттер мектебіне тікелей көпір қызметін атқаратын ең озық бағдарлама. IQHSB-ге кіру үшін ұпайлары жетпеген жетістікті олимпиадашылар үшін арнайы жасалған.

IELTS Center — 2021 ж.

2021 жылы British Council-мен IQanat High School of Burabay мектебінің аумағында авторландырылған орталық IELTS Center ашу туралы келісімге қол жеткізілді.

IELTS сертификаты ағылшын тілінде оқытатын кез келген оқу орнына түсу кезінде сұранысқа ие екені белгілі, сондықтан мұндай орталықтың ашылуы біздің оқушыларымыздың өмірін айтарлықтай жеңілдетеді.

Енді IQHSB оқушылары оқу орнынан шықпай-ақ емтихан тапсырып, IELTS сертификатын алуға мүмкіндік алады. IELTS Center емтихандарын ақылы негізде еліміздің кез келген басқа мектептерінің оқушылары да тапсыра алады.

Teacher's camp қауымдастығы — 2021 г.

Жыл сайынғы Teacher's camp слеті оқушыларға мамандық таңдауға, жасырын қабілеттері мен дарындарын дамытуға қалай көмектесуге болатынын ойлайтын ауыл мұғалімдерін біріктіреді.

Teacher's camp тарихы IQanat High School of Burabay мектеп-пансионатында оқу гранттарына ие болған IQanat олимпиадасы жеңімпаздарының сауалнамасынан басталды.

Біз балалардан оларға үздік үлгісімен әсер еткен немесе жеңісіне ықпал тигізген мұғалім, я ұстаз туралы эссе жазуды сұрадық.

Бұл адамдарды ауылдағы білім туралы сөйлесу үшін бірге жинау біз үшін үлкен мәртебе болды. Нәтижесінде 52 ауыл мұғалімі уақытын бөліп, 2021 жылдың 7-10 тамызы аралығында Бурабай көлінің көркем жағалауында өткен IQanat қоры мұғалімдерінің жыл сайынғы бірінші слетіне қатыса алды.

Бұнымен біздің оқиғамыз аяқталмайды, достар. Бізге қосылыңыз, жобаларымызға асығыңыз, жарқын болашақ жолында бірге күресейік!