5 ауылдық мектепке жоғары жылдамдықты Wi-Fi орнату

2018 жылдың 25 маусымында біздің команда Ақмола облысының Есіл ауданындағы 5 ауылға пайдалы сапармен барып, 5 мектепте жылдам WI-FI орнатты. Мектептердің шағын, бірақ елеулі қолдауы біздің демеушілеріміздің бірі Рыбкин Игорь Сергеевичтің арқасында мүмкін болды. Игорь Сергеевич өзі - Ақмола облысының Жарқай ауданы Державин қаласының тумасы және Н.Островский атындағы орта мектеп түлегі. Ол ауылдардағы балалардың дамуына назар аудару маңызды деп есептейді. Сондықтан ол Ақмола облысының Есіл ауданында 5 мектепте жоғары жылдамдықты Wi-Fi орнатуға шешім қабылдады.