IQanat Camp оқу-жаттығу жиыны

«IQanat білім қоры» ҚҚ жеңімпаздарының білімдерін жетілдіру мақсатында «EduCon» компаниясы, «Достық» білім беру орталығымен бірлескен бір апталық "IQanat camp” оқу–жаттығу жиындары басталды. Бүгін жиынының ашылу салтанаты болып өтті. Компанияның оқу–әдістемелік бөлім директоры Емельбаев Руслан Токтарбекович «Достық» оқу орталығымен бірлескен оқу–жаттығу жиынының мақсат, міндеттерін түсіндірді. «IQanat» олимпиадасының жеңімпаздары өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.