«NOVA Education», «EduCon» компанияларынын тренингтері

Оқу-жаттығу жиыны аясында «IQanat білім қоры» ҚҚ серіктесі «NOVA Education» компаниясының өкілі Утеубаев Нариман Акмырзаевич шетелдік ЖОО–на оқуға түсу талаптарын түсіндірді. Ал, «EduCon» компаниясының бас әдіскері Жұманазаров Айдос Әділбекұлы өткізген «Тайм –менеджмент» тақырыбындағы тренинг оқушылардың қызығушылықтарын оятты. Тренинг барысында олимпиада жеңімпаздары уақыттарын тиімді пайдалану туралы пайдалы кеңестер алды.