“IQanat” Қостанай обылысына да жетті!

18 мамырда Қостанай облысының Білім беру басқармасында «IQanat» қоғамдық қорының атқарушы директоры А.Е. Садыкова мен Қостанай облысы білім беру басқармасының басшысы Б.Даумова арасындағы кездесу барысында, тараптар Қостанай облысының 16 ауданында мектептерді ұйымдастыру-педагогикалық, оқу-әдістемелік және ғылыми қолдауды қамтамасыз ету мақсатында орта білім беру деңгейін көтеру мақсатында,оқыту тіліне қарамастан ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Жоғарыда айтылғаннан басқа, балалармен бірлескен олимпиадалар, семинарлар, білім беру жобалары, конференциялар мен ғылыми жарыстар барысында өзара тәжірибе алмасу, жазғы демалыстарда мектеп оқушылары үшін демалысты ұйымдастыруға жағдай жасау жоспарлануда. Қазіргі уақытта облыстың қамқоршысы Жақсыбек Дәурен Қостанай облысының барлық аудандарын қамқорлыққа алды. Келісім Қостанай облысы аудандарының балаларына үлкен пайда әкеледі деп үміттенеміз!