IQanat облыстық және аудандық үйлестірушілер жиыны.

Астана қаласында қыркүйектің 20-сы мен 21-і аралығында IQanat олимпиадасының әр кезеңінде Ақтөбе, Қостанай, Ақмола және Шығыс Қазақстан облысы оқушыларын қолдап отыруы үшін облыстық және аудандық үйлестірушілер жиыны өтті. Семинарда үлестірушілер IQanat Community дегеніміз не, олимпиададан кейінгі жеңімпаздарға өткізілетін IELTS және ҰБТ-ға дайындық, IQmentor менторлар бағдарламасы туралы маңызды ақпарат алды, сондай-ақ алдағы бір жыл бойы жүргізілетін жұмысқа қарымды қуат пен жігерлі сенім алып қайтты.