IQanat слётының басталуы

ШҚО-ның 6 аймағынан келген174 көңілді балалар үшін Астана қаласына келген сәттен кешке дейін әр секунд жоспарланған. Түске дейін олар Назарбаев Университетінің жатақханасының жайлы бөлмелеріне қоныстанып, НУ бағдарлау сессияларын тыңдап, университет аумағында серуендеді.

Сосын, түскі астан кейін балалар Республиканың Ұлттық мұражайына және Тәуелсіздік сарайына экскурсияға барып, еліміздің тарихы мен мәдениеті туралы көптеген ақпарат есту мүмкіндігіне ие болды. Мұражайдың алтын залы және 2030 жылға дейін Астананың дамуының Бас жоспарынан балалар ерекше әсер алды. Сондай-ақ, «Жарықпен жазылған тарих» фотосурет көрмесін аралап, олар Целиноград қаласының көшелерінің, адамдар мен оқиғалардың құнды сүреттерін тамашалады. Біздің елордамыз қандай жолды артта қалтырып, он екі жылдан кейін қалай өзгеретіндігі және біздің тарихымыз балалардың сана-сезімдерін нығайтып, оларды мақтаныш сезімімен бөледі.

Бірақ кешке, шаршағандыққа қарамастан, балалар «DJ Fest» қазіргі заманғы музыка фестиваліне барып, онда Қазақстан, Ресей, Түркия, тіпті Италияның ди-джейлерінің әуендерін тыңдады. Билегеннен күш-қуаттары қалмаған балалар күннің аяғында жатақханаларына барып, ертеңгі Олимпиадаға дайындалды.