IQanat менторинг бағдарламасына шақырамыз!

«IQanat білім қоры» қоғамдық қоры еліміздің белсенді, табысты азаматтарын менторинг бағдарламасына қатысу үшін ынтымақтастыққа шақырады.
Менторинг бағдарламасының мақсаты - ІQanat бағдарламасының қатысушыларын соңғы емтихандарға дайындық пен кәсіби жолын таңдау барысында ынталандыру.
Осыған байланысты өзін ментор ретінде байқағысы келетіндерді іздейміз. Менторларға қойылатын негізгі талаптар:
- Бағдарлама қатысушыларының өзіне деген сенімін қолдауға және өзінің жеке тәжірибесімен ынталандыруға көмектесуге дайын мамандар.
- Қазақ тілінде әңгімелесе алу.
Байланыстың негізгі бөлігі қашықтан, телефон, Skype қоңырауы немесе басқа ыңғайлы мессенджерлер арқылы жүзеге асырылады.
Неғұрлым толық ақпарат алу үшін 87025191035, 87771109393 телефондарына хабарласыңыздар немесе Nurgazievaiqanat@gmail.com, info@iqanat.kz хат жазыңыздар.
Назар аударғаныңызға рахмет!