IQanat олимпиадасы респубилкалық олимпиадалар тізіміне кірді

IQanat қоры мүшесі бола алғандар үшін көптен күткен ерекше күнге де келіп жеттік. Атап айтқанда, қызметкерлер мен үйлестірушілер, меценаттар мен спонсорлар үшін және де біздің олимпиадаға қатысқан оқушылар үшін IQanat олимпиадасы енді республика көлемінде заңды! Республикалық олимпиадалар тізімін бекіту туралы бұйрық 2018 жылдың мамырында шығарылды, яғни 2018 жылғы IQanat жеңімпаздары еліміздің ЖОО -ларына түсу барысында теңдей құқыққа ие бола алады. Біздің қызметімізді мемлекет қолдағанына шын жүректен қуаныштымыз және алдағы уақытта IQanat қорын халықаралық деңгейге көтеру жоспарымызда бар.