Шығыс Қазақстан облысының 6 ауданында Казнаковка білім беру қорының олимпиадалары басталды

2017 жылдың 28 қазан және 4 қараша аралығында Үржар, Катон-Қарағай, Күршім, Көкпекті, Тарбағатай және Зайсан аудандарында ШҚО аудандық олимпиадаларының 1 кезеңі өтті. Олимпиадалар математика, физика, ағылшын тілі және жеңіл атлетика бағыттары бойынша ұйымдастырылды.

Аталған 4 бағыт бойынша 6 ауданнан 1105 оқушы қатысты, ал қатысуға өтініш білдірген оқушылар саны 1336 жетті. Әрбір аудандық олимпиадалар аудан орталықтарында өткізіліп. Олимпиадалар барысын бақылау үшін аудандық білім басқармаларының жетекшілері, ішкі саясат басқармасы қызметкерлері, Нұр-Отан партиясы мүшелері, аудандық газет редакторлары және қамқоршылық кеңесінің өкілдері шақырылды. Абай мектебінің түлегі, шаңғыдан Қазақстан чемпионы Ердос Ахмадиевтің қатысуы жастарға өнеге болды.