IQanat 2018 күнделігі

2 шілде күні балаларды құттықтау үшін Білім министрлігінің, Назарбаев
Университетінің, «Дарын» РҒПО өкілдері мен IQanat қорының атқарушы
директоры IQanat олимпиадасының салтанатты ашылуына қатысты. Рәсім
біте салысымен, физика, математика, ағылшын тілі, эссе жазу және жеңіл
атлетика пәндерден олимпиада басталды. Жеңіл атлетиканы таңдағандар
Астананың триатлон паркінде қашықтықты жүгірсе, қалғандары Назарбаев
Университетінде жарысты. Балалар өз келулерінің негізгі мақсаттарымен
айналысқан соң, оқушылар коммуникативті дағдыларын жетілдіру және
әртүрлі өмірлік жағдайларда қалай әрекет ету керектігін үйреніп, әрдайым
тыныштық пен сенімді ұстану үшін тренингтерге қатысты. Кешке балалар
Есіл өзенінің бойымен катерге мініп, экскурсия жасады. Олар күн батуы
кезінде Астананың әсемдігіне таңғалып, тамаша уақыт өткізіп, жаңа достар
тапты.

Келесі күні олимпиадаға қатысушылар көшбасшылық, эмоционалдық
интеллект және сәтті адам модельдері бойынша тренингтерге қатысты. Олар
тренерлерді тыңдап қана қоймай, топтарда үлкен жұмыс атқарып,
тапсырмаларды орындады. Одан кейін олар ҚазГЮУ және ЕҰУ
студенттерінің сессияларын тыңдады. Қиын күннен кейін дем алу үшін
балалар Астанада жақында ашылған «Жетісу» саябағына барады.
Шілденің 4 бүкіл сапардың ең қызықты күні болды, өйткені бұл күні
марапаттау рәсімі болды. IQanat бағдарламасының дамуына үлкен үлес
қосқан адамдар жеңімпаздарды құттықтап, оларды марапаттау үшін келді.
-Рахимбаев А.Ж. - BI Group Директорлар кеңесінің төрағасы, IQanat
қоғамдық қорының және Шығыс Қазақстан облысының қамқоршысы.

-Ерсайынов Е.Е. - Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын
қорғау комитетінің төрағасының орынбасары.
-Итемиров Р.Ж. - Үржар ауданының қамқоршысы, CVL компаниясының
негізін қалаушысы және басшысы.
-Черных А.Г. - Санкт-Петербург мемлекеттік сәулет және құрылыс
университетінің ректорының көмекшісі
-Байсеитова Ж. - «Эндаумент ҚазГЮУ» корпоративтік қорының директоры
-Оспанов Б.Н. - РФММ Басқарма Төрағасы
-Даирова К.Н. - Назарбаев Университетінің вице-президенті
Салтанатты рәсім кезінде 30 жеңімпаз дипломдармен, шетелдік ЖОО
гранттарымен және мектептерінде FabLab цифрлы прототиптеу зертханасын
орнату сертификаттармен марапатталды. Балалар қатты қобалжыса да,
достарына шын жүректен қуанды.

Іс-шараның ресми бөлімі аяқталғаннан кейін, балалар фотосуретке түсіп,
Астанаға келгеннен бері олармен бірге болған IQanat волонтерлерімен бірге
билеп, қазақстандық әншілердің өнерлерін тамашалауға мүмкіндікке ие
болды.

Алғашқы кезде ұяң және ұзақ жолдан кейін шаршаған IQanat
олимпиадасының қатысушылары олимпиаданың соңында өздерінің жаңа
мақсаттары, армандары және амбициялары бар жұлдыздарға айналды. 5 күн
ішінде бұл балалар жаңа ортаға түсті және бәсекеге қабілетті адам болу үшін
қажетті көптеген дағдыларды меңгерді. Сонымен қатар, олар жаңа достар,
ұмытылмас естеліктер құрды және аудитория алдында сөз сөйлеп, өз
идеяларын ортаға салды. Бос уақыттарында оқушылар күлкілі әндерді
тыңдап, би билеп, Астана қаласында қыдырып, жаңа жетістіктерге шабыт
тапты. Өкінішке орай, IQanat командасы балаларға қош болыңдар деп айтуға
мәжбүр болды. Бірақ біз олар оқуларын және жеке дамуларын жалғастырып,
айналасындағы адамдармен өз білімдерін бөлісулеріне шын жүректен
тілектеспіз.