Шығыс Қазақстанның 6 ауданында Казнаковка білім беру қорының кезекті 2 аудандық олимпиадалар кезеңі өтті

2017 жылдың 20 мен 24 желтоқсан аралығында Катон-Қарағай, Күршім, Көкпекті, Тарбағатай және Зайсан аудандарында олимпиадалардың 2 кезеңі өтті. Үржар ауданында ауа-райының қолайсыздығынан олимпиада өткізілу уақыты 26 желтоқсаннан 2018 жылдың 8 қаңтарына ауыстырылды.

Олимпиадалардың салтанатты ашылу рәсімдеріне Зайсан ауданы әкімінің орынбасары Марат Уәли, ардагерлер кеңесінің өкілі Тұқан Мырзахан, ішкі саясат бөлімінің жетекшісі З.Дүйсенбайев, “Жастар” орталығының директоры О.Шәріпбеков, “Достық” оралығының өкілдері, гір спортының әлемдік күміс жүлдегері К.Қыдырпатшаев және Көкпекті ауданында, Астана қ. Еуразия Ұлттық Университетінің түлегі, кәсіпкер, “Кусаинулы” шаруа қожалығының басшысы Құсайнов Еламан Маратович қатысты.

Жалпы 2 кезең бойынша қатысушылар саны 1542 ал қатысуға өтініштер саны 1811 жетті. 2 кезеңде қатысушылар саны 439 оқушыға артты.