«IQanat білім қоры» қоғамдық қоры мен «GRATA International» халықаралық заң фирмасы ынтымақтастығы туралы меморандумға қол қойылғаны туралы хабарлаймыз)

2018 жылдың 20 маусымында «IQanat білім қоры» қоғамдық қоры мен «GRATA International» халықаралық заң фирмасы білім беру аумағында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Ынтымақтастықты әрі қарай нығайту мен өзара тиімді дамытуға бірлескен ұмтылыс  аясында екі жақ төмендегідей келісімге келді: 
бірлескен шараларды өткізу барысында тәжірибе және ақпаратпен алмасуды жүзеге асыру;
оқушының деңгейін көтеруге бағытталған бірлескен білім беру жобаларын  дайындау мен өткізуді өзара қолдау; 
оқыту мен тағлымдамадан өту аясында жағдай жасауға қолдау көрсету. 
Жоғарыда аталған меморандумға қол қою және оның аясына шараларды өткізу «IQanat білім қоры» қоғамдық қоры мен «GRATA International» халықаралық заң  фирмасы үшін әлеуметтік маңызды оқиға болып табылады.