Шығыс Қазақстан облысының 6 ауданында Казнаковка білім беру қорының аудандық олимпиадаларының 3 кезеңі өтті.

2018 жылдың 2-9-шы сәуір аралығында Шығыс Қазақстан облысының 6 ауданында 9-10 сынып оқушылары арасында КББҚ аудандық олимпиадаларының 3 кезеңі өтті.

Олимпиадалар 4 бағыт бойынша өткізілді:

Математика

Физика

Ағылшын тілі

Алыс қашықтыққа жүгіру

КББҚ 3 кезең олимпиадаларының салтанатты ашылу рәсімінде 2 кезең жүлдегерлері сертификаттармен марапатталды, ал 1 және 2 кезеңнің қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған оқушыларға арнайы төсбелгілер берілді.

Аудандық олимпиадалардың 3 кезеңіне 1244 оқушы қатысып, жалпы қатысуға өтініш білдірген қатысушылар саны 1680 жетті. Өз білімдерін көрсетіп, Үржар ауданында 343, Тарбағатай ауданында 246, Зайсан ауданында 239, Көкпекті ауданында 171, Катон-Қарағай ауданында 140 және Күршім ауданында 105 оқушы олимпиадаларымызға қатысты. Қатысуға өтініш білдірген оқушылар саны Үржар ауданында 545, Тарбағатай ауданында 310, Зайсан ауданында 338, Көкпекті ауданында 208, Катон-Қарағай ауданында 164 және Күршім ауданында 115 жетті.

Олимпиадалар қорытындысы 2018 жылдың 9-шы мамырына дейін сайтта жарияланады.