Нұр-Сұлтанда «IQanat» олимпиадасының республикалық кезеңі өтті

2 шілдеде I Республикалық «IQanat» ауылдық мектеп оқушыларының слеті аясында 14 облыстың 162 ауданынан келген 701 9-сынып оқушысы  «IQanat» олимпиадасының соңғы кезеңе қатысты. Аталған қатысушылар 5000 мектептің 30 мың оқушы арасынан суырылып шыққан озаттар.

 

Олимпиадаға қатысушылардың жалпы санынан 225-і эссе жазса, 202 адам ағылшын тілін тапсырды. Математика пәнінен 149 оқушы бағын сынауды шешкен, ал 136 бала физиканы таңдады. Олимпиада нәтижелері 4 шілдеде Слеттің жабылу салтанатында белгілі болды.

Олимпиадаға қатысқан 14 облыстың ішінен Жамбыл облысы ең көп жүлделері орынға ие. Атап айтқанда, облыс еншісінде ағылшын тілі мен физика пәндерінен екі 2-і жүлделі орындары және эссе жазу байқауында 1-ші орын. Шығыс Қазақстан облысы математика пәнінен 1-ші және 3-ші жүлделі орындарға ие. Қатысушылардың саны аз Маңғыстау облысында физикадан екі жүлделі орын бар. Түркістан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қызылорда және Алматы облыстарының оқушылары төрт пәннен бір-бір жүлделі орынға ие.

Олимпиаданың жеңімпаздарын диплом және сыйлықтармен марапаттағандардың арасында: ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Ақтөбе облысының қамқоршысы, «Altyn Qyran Group» Бақылау Кеңесінің Төрағасы, «IQanat» Білім беру қорының Қамқоршылық Кеңесінің мүшесі Исламбек Салжанов, Павлодар облысының қамқоршысы Еуразиялық топтың атынан Басқарма Төрағасының орынбасары Инна Губарева, Солтүстік Қазақстан облысы қамқоршысы СЕВКАЗЭНЕРГО компаниясының атынан «Орталық Азия отын-энергетикалық Корпорациясы» АҚ Бас директордың Бірінші орынбасары Дюсенбай Тұрғанов.

 

«Біздің қазақстандық балаларымыз лайықты білім алуға құқылы. Өкінішке орай, ауылдық жерлердегі мектеп оқушылары қала оқушылары секілді мүмкіндіктерге ие бола бермейді, - деді Еуразиялық топтың Бақылаушы Кеңесінің Төрағасы Алдияр Қазтаев. - Қазақ жері талантты адамдарға әрдайым бай болды, олардың көпшілігі ауылдық жердің тумасы: Сәкен Сейфуллин, Мұқағали Мақатаев, Қаныш Сәтпаев, біздің Елбасы - Нұрсұлтан Әбішұлы. Мен жаңа белестерді бағындыруды көздейтін жастарға өз мақсаттарына сенімді түрде жетуге көмектесетінімізбен мақтанамын. Біздің қамқоршылығымыздың астында Павлодар облысының мектеп оқушылары бар. Біз бұл аймақты кездейсоқ таңдаған жоқпыз. Бұл біз үшін туған облыс - мұнда Еуразиялық топтың кәсіпорындары орын алған. Біз компания миссиясының принциптеріне сүйене отырып, бізге сүйетін адамдарға қолдау көрсетіп, бізге сенетін адамдарға көмектесуге тырысамыз».