“IQanat” енді Ақмола облысының балаларына да өз көмегін атқарады!

18 мамырда Ақмола облысының Білім беру басқармасында «IQanat» қоғамдық қорының атқарушы директоры А.Е. Садыкова мен Ақмола облысының әлеуметтік мәселелер жөніндегі әкімінің орынбасары Мусралимова Айна Ермекқызы арасындағы кездесу барысында, тараптар Ақмола облысының 17 ауданында мектептерді ұйымдастыру-педагогикалық, оқу-әдістемелік және ғылыми қолдауды қамтамасыз ету мақсатында орта білім беру деңгейін көтеру мақсатында, оқыту тіліне қарамастан ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Жоғарыда айтылғаннан басқа, балалармен бірлескен олимпиадалар, семинарлар, білім беру жобалары, конференциялар мен ғылыми жарыстар барысында өзара тәжірибе алмасу, жазғы демалыстарда мектеп оқушылары үшін демалысты ұйымдастыруға жағдай жасау жоспарлануда. Қазіргі уақытта облыстың қамқоршысы Байтасов Арманжан Мерекеевич Ақмола облысының барлық аудандарын қамқорлыққа алды. Ауданның серіктестері: Исабаев Бауыржан Абдрашитұлы - Целиноград ауданы Байтасов А.М. “Respublika Foundation” қайырымдылық қорымен бірлесіп – Жарқайың және Есіл аудандары Келісім Ақмола облысы аудандарының балаларына үлкен пайда әкеледі деп үміттенеміз!