Қамқоршылар

Итемиров Рустем

Итемиров Рустем CVL компаниясын негізін қалаушысы және басқарушысы. Рустем Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында дүниеге келді. Ал енді ол біздің фондымызда Үржар ауданының қамқоршысы.

Исабаев Бауржан Абдрашитович

Исабаев Бауржан Абдрашитович - BI Construction, BI Road Construction компанияларының басқарушы директоры, BI Group компаниясының директорлар кеңесінің мүшесі. Ақмолинск облысының Целиноград ауданының қамқоршысы.

Кожасбай Ерлан Садуакасулы

Sadu компаниялар тобының қадағалау кеңесінің төрағасы. Еркін күрес, грек-рим және әйелдер күресі федерациясының вице-президенті, сондай-ақ, YPOKazakhstan клубының мүшесі, Алматы облысының Сарқан ауданының қамқоршысы.

Бекшенов Нуржан Ханиевич

“Respublika Foundation”

Iqanat білім беру бағдарламасы “Respublika Foundation” қайырымдылық қорының операторы болып табылады. “Respublika Foundation”2018-2019 оқу жылындағы Ақмола облысындағы Есіл және Жарқай аудандарының ауыл мектептеріндегі Iqanat білім беру бағдарламасының қызметін қаржыландырады.

“Respublika Foundation” қоғамдық қорының басты мақсаты - балалар өмірінің сапасын жақсарту үшін тиімді альтруизм тұжырымдамасын іске асыру.

Қор корпоративтік сектордан, халықаралық қайырымдылық ұйымдардан, жеке тұлғалардан қаржы менеджменті стандарттарын және халықаралық негіздер тәжірибесін қамтамасыз ету арқылы ашықтық қағидаттары мен сәйкестікті сақтау рәсімдерінің ең жоғары стандарттарына сәйкес қаржы ресурстарын жинайды.

Қабылданатын қаражат қайырымдылық бағдарламасының операторларына жіберіледі. Олар халықаралық стандарттар деңгейінде тиімділікпен ашық кітап принциптері бойынша қажетті жұмысты орындаушы қайырымдылық қорлар мен мамандандырылған құрылымдар болып табылады.