iQanat тарихы

IQanat олимпиадасының тарихы

2017-2018 оқу жылында Шығыс Қазақстан облысының шалғайда жатқан Катон-Қарағай, Күршім, Тарбағатай, Зайсан, Көкпекті, Үржар аудандарының 1500-ге жуық 9 және 10 сынып оқушылары үшін үміт күткен күндерге толы болды. Төрт тоқсан бойы математика, физика, ағылшын тілі, эссе жазу, жеңіл атлетика бағыттарының бірін таңдаған оқушылардың ішінен ең көп балл жинаған жеңімпаздар анықталды. 

Нәтижесінде тоғызыншы сыныптың 87, оныншы сыныптың 86 оқушысы отанымыздың елордасы Астана қаласында Назарбаев Университетінің қабырғасында өткен республикалық ғылыми-танымдық IQanat слетіне тегін жолдамаға ие болды. 

Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған іс-шара аясында шығыс қазақстандық 173 оқушы елорданың көрнекі жерлеріне саяхат жасады. Ынталандыру тренингтерінде өз болашақтарына көз жүгіртіп, жылдық жоспар құрды. 

Слеттің басты мақсаты IQanat олимпиадасының жеңімпаздарын анықтау еді. Бес бағыт бойынша бақтарын сынаған 173 оқушының ішінен 30 жеңімпаз анықталды. Оның 13-і оныншы сынып оқушысы, 17-і тоғызыншы сынып оқушысы. Жеңімпаздар мақтау қағаздары, бағалы сыйлықтармен марапатталып қана қоймай, өз мектептеріне соңғы үлгідегі 2-3 млн.теңгелік Fabrication Laboratory (қысқаша Fab lab) өндірістік зертханаларын ұтып алды. Жаңа оқу жылында жеңімпаз мектебіндегі оқушылар аталған зертханаларда өздерінің инновациялық идеялары мен жобаларын жүзеге асырып қана қоймай, сандық бағдарламалық басқару мен 3Д принтерлері арқылы қажетті бұйымдар мен детальдарды жасай алады. 

Физика бағыты бойынша жеңімпаздар Вахасова Малика мен Қуандықова Мерейім республикалық физика-математика мектебіне оқуға қабылданды. Сонымен қатар Вахасова Маликаның  Еуропаның алдыңғы қатарлы ЖОО-нда білім алуға қордың басты құрылтайшысы Рахымбаев А.Ж. өз грантын табыс етті.

Кегенбаева Дильназ бен Қадылова Жансая Астана қаласындағы М.Нәрікбаев атындағы КазГЮУ ректоры  Нәрікбаев Т.М. грантына ие болды.  

Ағылшын тілінен жоғары көрсеткішке ие болған 11 оқушыны қор шетелдік ЖОО-на білім алу үшін IELTS тапсыруға дайындайды.

Жеңмпаздарға отандық және шетелдік алдыңғы қатарлы ЖОО-на грантқа құжаттарын тапсыруға көмек көрсетіледі.

2018-2019 оқу жылында IQanat олимпиадасының аудандық кезеңдерінің 160 жеңімпазы, оның ішінде 76 оныншы, 84 он бірінші сынып оқушысы мектепте оқуларын жалғастырып жатыр. Оқу жылының өн бойында әрбір оқушыға бекітілген ментор мотивациялық, ынталандыру қолдау көрсетеді. 

«IQanat» білім беру қоры «EduCon» ЖШС-мен бірлесе отырып, оқушылардың ҰБТ-ге жоғары деңгейде дайындалуына көмек көрсетеді.

 Биылғы оқу жылында IQanat олимпиадасының аудандық кезеңдеріне ШҚО-мен бірге Ақмола, Қостанай, Ақтөбе облыстары аудандарынан 6500-ден астам оқушы қатысады деп күтілуде.